Атақты актер Фархат Абдраимов өмірден өтті

370
Белгілі қазақстандық актер Фархат Абдраимов мезгілсіз қайтыс болды.
"Атақты актер әрі жақсы адам Фархат Абдраимов Грузияда фильмнің түсірілім алаңында қайтыс болды. Қаңтарда ол 55 жасқа толған еді".


Танымал актер бұған дейін көптеген фильмге, жарнамалық роликтерге түскен болатын. 


Сонымен қатар түрлі шоуларды өнер көрсеткен Фархат Абдраимов бірқатар марапат пен сыйлықтарға ие болған. 


Олардың қатарында "Жылдың кино жұлдызы" (2000), "Күміс Георгий" (1999) және тағы басқалары бар.


 Өнер иесінің кино саласындағы мансабы 1994 жылы басталған. Ол "Шанхай", "Жасырын махаббат", "Застава", "Фара", "Анажан" сияқты фильмдерде ойнаған. 


Қазақстандық және ресейлік көрермендер "Фара" фильмін өте жақсы көреді. Бұл фильмде Фархат Абдраимов Кристина Орбакайтемен бірге ойнаған.