Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы дүниеден өтті

2 514

Фото: Молекулалық биология және биохимия институтыҚазақстан ғалымы ауыр қазаға ұшырады. Дінмұхаммед Қонаевтың туған қарындасы, ғалым, микробиолог, профессор Рауза Қонаева 91 жасында өмірден өтті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Депутат марқұмның адамгершілік болмысы мен ұстаздық қасиетін еске алды.

"Ол әрдайым адамға тура қарап сөйлейтін. Айтар сөзін ойланып, адамға нақты керек-ау дейтін сөзді таба білетін. Әрдайым жымиып жүретін, ішіндегі уайымы мен үрейін ешқашан көрсетпейтін", – деп жазды ол.

Рауза Қонаева 1934 жылы Алматы облысы Шілік ауылында туған. 1952 жылы ол М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, оны 1956 жылы үздік аяқтаған.

Сол жылдан бастап 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында еңбек етіп, отандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.