Кино өндірісінде билет сатылымы екі есе азайды

415
Кино өндірісінде  екі айда 80%-ке жуық табыс қысқаруы мүмкін – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сәуірдің бірінші жартысында билет сатылымы екі есе азайды. Ал алдағы екі айда табысы 80%-ке қысқаруы мүмкін. Давид Шнейдеров, киножурналист: – Кинотеатрлар, әсіресе көпзалды кинотеатрлар өте қиын жағдайға түсті. Өйткені көрсететін фильмдері жоқ. Бұрынғыдай көрермендер орыс фильмдеріне бармайды.  Жыл басынан бері ресейлік 90 фильм шыққан. Бұл шетелдік фильмдерден екі есе аз. Ал жақын арада шығатын киноға сұраныс одан әрі төмендейтін түрі бар.

Антон Сиверс, режиссер
:

Мультиплекс кинотеатрының барлық залдары бос екенін көрдім. Біздің фильмге көрермен келер-келмесі түсініксіз, өйткені олар жарнаманы көре алмайды. Мәселен бұрын жұрт киноға барып, жарнаманы көретін. Осыдан кейін келесі фильмге де баратын. Ал қазір бұл тізбек үзілуі мүмкін. Дегенмен продюсерлердің кейбіреуі шетел фильмдерімен бәсеке болмағандықтан жерглікті киноөндіріс үшін қолайлы кез келді деп санайды. Алайда бұл сапасына байланысты болатынын мойындайды. Әзірше ресейлік фильмдердің жалпы табыстағы үлесі 30 процент төңірегінде.

Шамиль Джафаров, кинопродюсер:

– Қазір жағдай қолайлы, бірақ бұл біз ұсынатын өнімнің сапасына байланысты болмақ. Көпті көрген ресейлік көрермен кино ұнамаса, оған бармайды. Дегенмен пандемия кезінде де аман қалдық қой. Иә, қазір өнімнің бір бөлігі нарықтан кетті, оны ауыстыру үшін уақыт қажет. Кинотеатрлар жүйелері алты жарым миллиард рубль мөлшерінде үкіметтен жәрдем сұрады. Алайда билік саланы қолдаудан бас тартты. Пандемия кезінде үкімет оған 4 миллиард рубль мөлшерінде субсидия бөлген болатын. Бұл жолы тікелей қаржылық көмек беру жоспарында жоқ. Продюсерлердің пікірінше, енді өндіріс кинотеатрларға емес, стриминг қызметтеріне сүйенетін түрі бар. Енді негізінен олар контекте тапсырыс жасайды.