Көне кесене табылды

2 536

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігіАтырауда көне кесене табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Хабар24-ке сілтеме жасап.


Сарайшық қалашығынан шыққан нысан бұған дейінгі зерттеулерде кездеспеген тың дерек дейді ғалымдар. Күйдірілген кірпіштен берік әрі сәнді қаланған кесененің күмбезі қираған. Алайда, қабірге кіріп-шығатын жабық дәліз сол қалпында сақталыпты. Есігі оңтүстік шығысқа қараған дромостың ұзындығы 170, биікті 60 сантиметр. 


Бұл – дәліздің жартылай қазылған бөлігі - дейді археологтар. 

Сондай-ақ, дромостың оңтүстік бөлігінен шаруашылық бөлме де анықталды. Қазба кезінде қыш құмыралар мен сәндік бұйымдар және орта ғасырлық сәндік жапсырмалар, мыс тиындар табылған. 


Әдетте мұндай кесенелерге бірнеше адам жерленеді. Бұл Сарайшық, қазақ тарихындағы белгілі тұлғалар болуы мүмкін. Кесененің ерекшелігі – бромсының толық сақталуында. Осы толық сақталуына қарап, Сарайшық қаласындағы бұл типтегі кесенелердің бромсының қандай үлгіде болғандығын көре аламыз. Алдын-ала болжам бойынша мұндай кесенелер 16-17 ғасырда тұрғызылған, - дейді археолог Амангелді Заинов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.