Жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады

462

Павлодар облысында халықпен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты. 2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фото:Мәдениет және спорт министріЕнді 18 жастан 29 жасқа дейінгі авторлар жоғары марапатқа ие бола алады.
Сондай-ақ министр жас әдебиетшілерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.


«Біз «Жаңа қазақ әдебиеті« атты жаңа жобаны қолға алдық. Оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен инновациялық идеяларын қолдайды. Сонымен қатар қазір жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын «Айбоз« тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз», - деді Дәурен Абаев. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.