Отандық режиссерлердің 115 киножобасын мемлекет қаржыландырмақ

1 394

 Отандық режиссерлердің 115 киножобасы 2023 жылғы питчингке өтті. Олардың үздігі мемлекеттен қаржыландыруға ие болады және ұлттық фильмдер ретінде танылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұған дейін жазғанымыздай, конкурсқа қатысуға өтінімдер 9-29 тамыз аралығында жүргізілді. Осы кезеңде киноиндустрия өкілдері үшін төрт бағыт бойынша консультациялық қолдау ұйымдастырылды: Киноорталығының Алматы және Астана қалаларындағы кеңселерінде жеке консультациялар өтті, телефон және әлеуметтік желі арқылы онлайн қойылған сұрақтарға жауап берілді, киножобаларды іріктеу ережелерін түсіндіру мақсатында ашық семинар-тренинг өтті.


Электронды түрде тіркелген өтінімдердің жалпы саны – 271, оның ішінде қағаз жүзінде 261 өтінім келіп түсті. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша 115 киножоба питчингке өтті. Енді оларды Сараптама кеңесінің мүшелері 8 қыркүйектен бастап 3 қазанға дейін қарастырады. Іріктеу кезеңінен өтпеген қатысушыларға үш жұмыс күні ішінде ресми хаттар жіберіледі, онда өтінімдерді қабылдамау себептері көрсетіледі, – деп хабарлады Ұлттық орталықтың баспасөз қызметінен.


Питчингке өткен киножобалардың тізімі және ашық қорғауды өткізу кестесі сілтеме бойынша қолжетімді. Ашық қорғау биыл 3-5 қазан аралығында өтеді және Киноорталықтың ресми YouTube-каналында онлайн-режимде көрсетіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.