Жамбыл облысында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасымен 12 мәдениет үйі салынуда

426

Фото: Облыс әкімдігіЖамбыл облысында  «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасымен 12 мәдениет үйі салынуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгінде 12 мәдениет үйінің жартысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Мысалы Шу ауданындағы Дінмұхамед Қонаев ауылында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасымен 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы былтыр шілде айында басталған.

Қазір тек әрлеу жұмыстары қалды.  Мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай салынып жатқан мәдениет үйін осы айдың соңында ашу жоспарланып отыр.

"Халық қуанып жатыр. Өйткені ауылымызда үлкен мәдениет үйі ашылып жатыр. Мұның жалпы сомасы 350 млн теңге, үлкен қаражат, үкіметтен бөлінген қаражат, облыстан, ауданнан бөлінген қаражат есебінен салынып жатқан объекті болып есептеледі. Мұның ішінде өздеріңіз көріп тұрғандай зал 180 орындық, ішінде кітапхана болады, танцевальный кружоктар болады, басқа да кружоктар болады", - деді Қонаев ауылының әкімі Нұрсұлтан Нұрмағамбетов


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.