Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті

2 506

Тілеуқабыл Мыңжасар. Фото: t.me/qazaqstantvОтандық телевизия саласының ардагері, белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды тележүргізуші Ринат Кертаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz аққпарат агенттігі.

«Тілеуқабыл аға – журналистиканы қызмет емес, өмірінің мәні деп түсінген азамат еді», – деп жазды Ринат Кертаев.

Оның сөзінше, марқұм көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман ғана емес, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар берген қадірлі аға болған.

Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, сол жылы Қазақ телевизиясының балалар мен жасөспірімдер редакциясында еңбек жолын бастаған.

Журналист «Хабар» агенттігі құрылғаннан бері осы салада қызмет атқарып, 1998 жылдан бастап Алматы облысындағы меншікті тілші болды. Ол қырық жылдан астам уақытын журналистикаға арнап, өңірлерді аралап, халықтың әлеуметтік мәселелері мен ауыл-аймақтағы өзекті тақырыптарды республикалық телеарна эфирінде тұрақты көтерді.

Кәсіби еңбегі үшін Тілеуқабыл Мыңжасар Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанып, Алматы облысының құрметті азаманы болды. Сондай-ақ «Хабар» агенттігінің «Алтын микрофон» сыйлығымен марапатталып, медаль мен Қазақстан Президентінің Алғыс хатына ие болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.