Елімізде «Özinşе» сервисі іске қосылды

805
Елімізде "Özinşе" балалар мен жасөспірімдерге арналған стриминг сервис іске қосылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақпарат және қоғамдық даму министр Асқар Омаровтың айтуынша, болашақта шетелдік анимацияларды да платформаға енгізу жоспарланып отыр. Министр бүгінде қазақстандық анимацияға сұраныс артқанын тілге тиек етті. 

"Қазіргі кезде өзінше стриминг сервисіне 3 мың 400 минуттай контент жүктелген. Бұл контент әрі қарай үлкейеді. Бізде 10 жылдың ішінде қазақстанда отандық анимация мектебі құрылды. Анимация қазіргі кезде Қазақстанда көп. Бізбен шекаралас елдерде анимацияны сатып алып жатыр. Қазір біздің анимация бойынша мамандар Қытаймен, Ресей, Түркиямен жұмыс істеп жатыр", - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров.

Айта кетерлігі, қосымшаны  Android пен IOS құрылғыларына жүктеп алуға болады. 

"Жалпы қазіргі қазақ анимациясының, қазақ мультипликациясының даму үрдісі Түркі әлемінің ішінде біршама жоғары екені мәлім. Аудиториясы тек қана Қазақстанның шеңберінде ғана емес. Осы бауырлас елдерге кеңінен тарайды деген ойдамыз", - деді халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.