Алматылық студент роботқа қазақша тіл бітірді

514
Алматылық студент роботқа қазақша тіл бітірді - деп хабарлайды Opennews.kz 

Cтудент Жанғали Мақсұтов  төрт жыл ізденіп, еңбектенген. Осы оқу орнының инженерлері күн сәулесінен қуат алып, ұшатын аппарат құрастырған. Ұшқышсыз құрылғы әуеде 10 сағат қалықтап тұрып, Қазақстан бойынша рекорд орнатты.

Жанғалидың робот жасауға қызығушылығы  7 сыныптан басталған. Ол осы кезге дейін  4 робот құрастырған. Ал «Тайрант-5» атты роботтың ерекшелігі ана тілімізде сөйлеп, сұрақтарға жауап бере алады. Жас инженер робототехника жасаудың әліппесін интернеттен оқып, өзі үйренген. Бірақ темірге  тіл бітіруді өзгелер құпия ұстайды.
Жанғалидың  айтуынша осы роботты сөйлету үшін 5-10 тәжірибе жасалынған.
Роботтың алғашқы сызбасы мен нобайы төрт жыл  бұрын жасалынған.. Биыл корпусы жасалып, бағдарламасы орнатылды. Темірге тіл бітіріп, қозғалыска келтіру үшін 130 мың теңге қаржы жұмсалған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.