Елімізде Денис Теннің жобасы бойынша түсірілген фильмнің тұсаукесері өтеді

556
Алматыда 19 шілде күні Денис Теннің жобасы бойынша түсірілген  "Соқыр махаббат" фильмнің тұсаукесері өтеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Фильмде ерекше екі жастың сезімі бейнеленген. Фильмдегі бойжеткен – мылқау, ал жігіт соқыр.


"Олардың арасындағы махаббат тарихы әлеуметтік желіде хат алмасудан басталады. Олар бір-біріне өз ерекшеліктері туралы қалай жеткізерлерін білмей аласұрады. Көрермен ерекше адамдар арасында туындаған таза, шексіз махабатқа куә болады", - деп жазылған фильм парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен 2108 жылы Тимур Бекмамбетовтың BAZELEVS компаниясы ұйымдастырған қысқа метражды фильм байқауына қатысқан болатын.

Спортшының өлімінен кейін Тимур Бекмамбетов оның сценарийі бойынша фильм түсіру ниеті барын айтқан.
Түсірілім қазақстандық және халықаралық мамандардың қатысумен 2019 жылы Голливудта өтті.
Фильм прокатқа 28 шілдеде Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында барлық Chaplin кинотеатрларында шығады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан төрт жыл бұрын 19 шілдеде Алматының ортасында спортшы Денис Тен көлік ұрлығымен айналысушылардың қолынан қаза тапқан болатын.