Президент Тоқаев ұлттық нышандар тізімін бекітті

2 552

Фото: Sputnik / Абзал КалиевБүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатта елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын жалпыұлттық нышандардың тізімі анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Құжат мәтінінде ұлттық нышандар жүйесін қалыптастырудың мақсаты – елдің бірегейлігін күшейту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және ұлттық брендті дамыту екені айтылған.

Ұлттық нышандар тізімі төмендегідей:

  • Ұлттық ұран: «Алға, Қазақстан!»
  • Ұлттық түстер: аспан түстес көк және алтын сары
  • Ұлттық кітап нышаны: Абайдың «Қара сөздері»
  • Ұлттық бірлік нышаны: шаңырақ
  • Ұлттық музыкалық аспап: домбыра
  • Ұлттық өсімдік: қызғалдақ
  • Отандық өнім белгісі: «Қазақстанда жасалған» (Made in Qazaqstan)
  • Ұлттық хэштегтер: #Qazaqstan, #Kazakhstan
“Жалпыұлттық нышандардың бұл тізімі елдің бірыңғай нышандар жүйесін және ұлттық брендін қалыптастырады. Олар мемлекеттік органдар мен қоғам өмірінің барлық саласында қолданылатын базалық элементтерге айналуы тиіс”, – делінген жарлық мәтінінде.

Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерде, қоғамдық, мәдени және гуманитарлық іс-шараларда пайдаланылуы мүмкін. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.