Жетісу облысында тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі ашылды

2 724

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіШығармашыл жастардың шабытын шыңдау, жастарды ақындық өнерге баулу мақсатында Жетісу облысында еліміздегі тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі құрылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мектептің басты ерекшелігі – аудан, ауылдағы жас талаптарды танымал қаламгерлер өздері іздеп барып, оқытады.

Әдебиет мектебіне шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады. Үш айға созылатын оқу бағдарламасын 200 бала оқып бітіреді деп жоспарланған.

Сабақ соңында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ақтық сынға арналған шығармашылық байқауға жолдама алады. Байқау қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен «Ұлттық кітап күні» мерекесі қарсаңында өтеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.