Қараменде бидің қорамсағы табылды
466
Қарағанды өңірінде Қараменде би Шақаұлынан қалған үш ғасыр бойы сақталған көне жәдігер табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қорамсақ әуелде бидің үшінші баласы Бықыда болыпты. Бірнеше жылдан соң ол өзінің ұлы Жанаққа табыстайды. Жанақ баласы Рахымберліге тапсырған. Ал Рахымберліде ұл болмаған соң үш қызының бірі Дәметкенге аманаттаған. Кейін әулеттің Балқашта тұратын жиендерінің қолына көшеді. Қорамсақтың шебер қолдан шыққаны көрініп тұр. Қалың былғарыдан тігілген. Қайыс ілгегі бар. Бетіне ою-өрнек бедерленген. Түбіне жебе ұштары тесіп кетпес үшін ағаш салған. Бірақ былғарының жоғарғы бөлігі жоқ. Ертеде алыстан келген адамдар тәбәрік етіп кесіп алған деседі. Қорамсақты белде ұстап тұратын кісе де қолды болыпты. Содан бері ұрпақтары құнды жәдігерді ел назарына көп шығара бермейді екен.
Қайрат Байбосынов, Қараменде бидің ұрпағы:
– Ұл болмаған ғой. Сол ұл болмағаннан кейін әжемізде қалып отыр енді бұл. Ол кісі өле-өлгенінше ешкімге бермей сақтаған мұны. Менде болсын деп қаншама кісі таласқан. Қаншама көрмеге, музейге алдыртқысы келген екен. Негізі кісесі болған. Оны ұрлатып алған енді.