Қазақстан Франкфурт кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық кітап таныстырды

2 506

Фото: gov.kzҚазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кітап жәрмеңкесі аясында Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект жолы» кітаптарының, «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка», «BÖRTE. Ұлы Дала патшайымы», «Ахмет Кенесарин. Сұлтан Сыдықтың шежіресі», «Уәли хан дәуірі және Абылай ханның ұрпақтары» және басқа да туындылардың таныстырылымы өтті.

Жәрмеңкеде көркем аудармаға қатысты мәселелер де сөз болды. Сондай-ақ Contemporary Voices of Kazakhstan әдеби кездесуінде оқырман қазіргі Қазақстан әдебиетінің жаңа есімдерімен танысты.

Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулының міндетін атқарушы Мұрат Тәукебаев ұлттық стендті аралап, қазақстандық делегация өкілдерімен кездесті.

Жәрмеңке барысында отандық баспагерлер шетелдік әріптестерімен қазақстандық әдебиетті халықаралық деңгейде таныту, кәсіби тәжірибе алмасу және ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша келіссөз жүргізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.