Балалар алаңын өртеген жасөспірімдер: Ата-анасынан 4,9 млн теңге өндірілмек

1 525

Фото: Lada.kzАқтауда екі жасөспірім қыз балалар ойын алаңындағы матрасты өртеп, 4,89 млн теңге шығын келтірді, - деп хабарлайды Openews.kz  ақпарат агенттігі. 

Енді компания олардың ата-аналарын жауапқа тартуды және шығынды өндіріп алуды көздеп отыр.

Lada.kz мәліметінше, оқиға 11 қазанда 32А шағынауданындағы №15 үйдің ауласында болған. Өрт салдарынан ойын кешені, әткеншектер мен жұмсақ жабын бүлінген.

Алғашында қоқыс өртенді деп хабарланғанымен, кейін матрасты екі қыздың өртегені анықталды.«Болашақ Өзен» ЖШС полицияға арыз дайындап жатыр. Компания балалар алаңының жалпы құнын 10,8 млн теңгеге бағалаған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.