Өнер мен дәстүрге жаңа серпін берген фестиваль

2 516

Фото: ©Жамбыл облысының әкімдігі2026 жылдың 23,24 - ші сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз - қолөнершілер қаласы» Халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат - өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту, - делінген әкімдік хабарламасында.

Фестивальге шетелден - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен, сондай-ақ көрші өңірлерден - Алматы және Түркістан облыстарынан қонақтар мен қатысушылар келеді. Сонымен қатар, еліміздің әр аймағынан және жергілікті жерден 100-ден астам қолөнер шебері қатысады. Фестиваль аясында көрермендерге ерекше әсер мен шабыт сыйлау мақсатында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, «Тараз-  қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, онда ұлттық қолөнердің дамуы мен қазіргі үрдістері талқыланады. Сондай-ақ қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, жас өнерпаздар мен суретшілерге арналған «Менің әлемім: қиял мен шынайылық» көрмесі ұсынылады.

Бұдан бөлек, сән мен дәстүрді ұштастырған «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығы ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында «Гиннестің рекордтар кітабына» енген киіздің жанында өтетін «Dombyra Party» музыкалық кеші, ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі және өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт жоспарланған. Фестиваль қонақтары көрмеге қойылған бұйымдарды сатып алу мүмкіндігіне ие болып, сондай-ақ қаладағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасай алады. Осы күндері Тараз ұлттық дәстүр мен заманауи өнер үйлескен, рухани серпін мен шығармашылық шабыт тоғысқан орталыққа айналмақ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.