Кинотеатрлар ұлттық фильмдерді көрсетуге қызығушылық танытпай отыр

2 518

Фото: freepik.comКинотеатрлар ұлттық фильмдерді көрсетуге қызығушылық танытпай отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кинотеатрлар табыс әкелетін жеңіл ойын-сауық картиналарынан басқа ұлттық фильмдерді көрсетуге қызығушылық танытпайды. Мемлекет кинотеатрларға қолдау көрсетпейді және ұлттық фильмдердің көрсетілімдерін субсидияламаған. Кинотеатрлардың заңнамалық деңгейде мемлекеттік қолдау есебінен өндірілген фильмдерді көрсету міндеті туралы норманы енгізу реттеушілік әсерге талдау жүргізуді талап етеді, себебі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайды, - деді вице-премьер.
Сондай-ақ залдар санын ұлғайту және жаңа кинотеатрлар салу тұрғысынан елімізде одан әрі кино өнерін дамыту мәселесін қарастыру қажет, - деді Аида Балаева.

Осы ретте вице-премьер халықты мәдени құндылықтар мен шығармашылық өнімдерге тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық фильмдердің көрсетілімдерін арттыру үшін министрліктің мынадай ұсыныстарын атады:

- бюджет қаражатынан тыс немесе мемлекеттік - жекешелік серіктестік тетігі есебінен аудандар мен моноқалаларға баса назар аудара отырып, республика бойынша кинотеатрлар , көпфункционалды залдар ашу;

- жергілікті атқарушы органдар есебінен мәдениет үйлерінде проекциялық жабдықтарды және/немесе жылжымалы кино қондырғыларын сатып алу мүмкіндігін қарастыру;

- заңға кинотеатрлардың ұлттық киноны көрсету міндетін реттейтін түзету енгізу.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.