Ұлттық домбыра күні Алматыда қалай тойланады

2 344

Фото: Мақсат Шағырбаев/ KazinformАлматыда 6 шілде күні Абай алаңында эстрада жұлдыздары, танымал домбырашылар және дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мерекелік бағдарлама аясында Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова, Рамазан Стамғазиев, Мейрамбек Бесбаев, домбырашы-виртуоз Асылбек Еңсепов, Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетеді.

Сонымен қатар концертке «Қоңыр», «Ulytau» тобы мен «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына 17:00 мен 21:00 аралығында ел сүйіп тыңдайтын күйлер мен термелер, халық әндері мен еліміздің бай рухани мұрасын дәріптейтін шығармалар ұсынылады.

Бұл концерт ұлттық музыка мен дәстүрлі өнерге деген терең құрметтің айқын көрінісіне айналмақ. Кіру тегін.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.