"Қазақстанның жыл әртісі"

434
4 наурыз күні өткен "Қазақстанның жыл әртісі" аталамын Димаш  Құдайберген жеңіп алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тикетон — мәдениет, өнер және спорт салалары бойынша берілетін қазақстандық сыйлық. Кино, театр, спорт, концерттік іс, бизнес және қоғам қайраткерлері түрлі номинацияларға ұсынылды. Дауыс беруге 50 мыңға жуық адам қатысты. 

Концерттік іс бөлімінде, "Қазақстанның жыл әртісі" аталымына диджей Иманбек, хип-хоп орындаушы The Limba, "Ирина Қайратқызы" шығармашылық бірлестігі, комик Сауле Юсупова, актер Евгений Чебатков пен "Ninety One" тобы, әнші Yenlik және Димаш Құдайберген ұсынылды.   

Дауыс беру нәтижесі бойынша сыйлық иесі болып Димаш Құдайберген танылды. Айта кетейік, әнші "Тикетон" сыйлығын алғаш рет алып отырған жоқ. Бұған дейін де Димаш "Қазақстанның жыл әртісі" және "Жылдың эстрадалық концерті" аталымдарын жеңіп алған.