Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді

2 300

Фото: БЕЛТАXXXIV Халықаралық «Витебск-2025» эстрадалық ән орындаушылары байқауында Гран-при жүлдесі қазақстандық Алмагүл Батталиеваға бұйырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінің жас орындаушыларға арналған беделді байқауында қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева жеңіске жетіп, Гран-при иегері атанды. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша ол 137 ұпай жинады. Финалда әнші жүрек тебірентерлік «Вечность» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Бірінші орын беларусиялық Валерия Бернатовичке бұйырса, екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Ал үшінші орынды ресейлік Эрик Ахметов пен қырғызстандық Рыскелді Сарбеков иеленді.

Айта кетейік, өткен жылы осы байқауда Ерназар Жұбан бірінші орынды жеңіп алған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.