Қазақ киносы жаңа белеске көтерілді

2 509

Фото: ©massaget.kzҚазақстанда ұлттық киноны дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасып келеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік қолдаумен жаңа фильмдер түсіріліп, олардың прокаты кеңейіп, анимация саласы дамып келеді. Қазақ киносының алтын қорын сақтау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік қолдаумен түсірілген алты фильм кең прокатқа шықты. Олардың қатарында "Гипноз", "Билет из рая", "Осенний бриз", "Құт", "Әбіл" және "Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда" деректі фильмі бар. Деректі фильмнің еліміздегі кинотеатрларда кең прокатқа шығуы ұлттық кино саласы үшін маңызды қадам саналады. Бұл авторлық жобалардың көрерменге кеңінен жол тартуына мүмкіндік береді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен "Мұғалім" және "Кенжем қайда?" фильмдерінің өндірісі аяқталды. Қазір 23 киножоба әзірленіп жатыр, оның 21-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 18 жоба мемлекеттік қолдауға ие болған.

Анимация саласын дамыту да жалғасуда. "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігінің питчингі нәтижесінде 10 анимациялық жоба іріктелді. Бұл балалар мен отбасылық контенттің сапасын арттырып, ұлттық кейіпкерлер мен оқиғаларды заманауи форматта ұсынуға мүмкіндік береді.
Қазақ киносының алтын қорын сақтау бағытында да бірқатар жұмыс атқарылды. Жыл басынан бері бес фильм цифрлық форматқа көшіріліп, "Алпамыс идет в школу" мен "Тревожное утро" картиналары қалпына келтірілген. Осы кезеңде прокат куәлігін алуға түскен 1539 өтінімнің 1344-іне арнайы куәлік берілген. Бұл кино саласындағы қызметті жүйелеп, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.