Қолөнер шеберлерінің орталығы ашылды

361
Оралдықтар өз қолдарынан шыққан бұйымдарды сата алатын мүмкіндікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Айнагүл Халыққызы, қолөнер шебері:

 – Шүкір, жүн бар жүн жетеді ғой ауылдарда лақтырып тастайды, өртейді, моль жинайды ол деп. Енді соны біз қолға алып, ең байлығымыз сол ғой қойдың жүні. Енді  әрі қарай жұмыстанып үлкен өндіріске айналдыру керек қой. Ең басты жоспарымыз  бұл енді ешкім үйіне де төсемейтін болды, осыны қолданысқа енгізу. Орталықта алғашқы шеберлік сағаттары басталып та кетті. 
Айдынбек Иманғалиев қызығушылығы бар жастарға теріге өрнек салудың қыр-сырын  үйретіп жатыр. Былғарыны өңдеп, одан түрлі бұйым жасау оңай іс емес. Темірдей төзім мен шыдам керек. Орталық шынайы шеберлердің шығармашылық ордасына айналарына сенеді


Айдынбек Иманғалиев, қолөнер шебері:
 – Бала кезден айналысамыз ғой, терімен осы соңғы 4-5 жылда қызығушылық пайда болды. Ұмытылып бара жатқан осы қолөнерді дамыту, бір-бірінен қарап, үйренеді дегендей

Ботагөз Қанатова, қолөнер шебері:
 – Үйрете аламыз, шеберлік сағаттарын ұйымдастырамыз, сабақ өткіземіз кәдімгідей, киіз басудан, ши тоқудан, тағы да әртүрлі гобелен тоқудан. Ою өрнектің өзі бөлек бір әңгіме болады. Сұраныс жайлап-жайлап өсіп келе жатыр, осы орталық ашылып қуанышымыз қойнымызға сыймай,  ақ түйенің қарны жарылып жатқан күн. Сондықтан енді сұраныс та, қызығушылық та насихаттау да болады деп үміттенеміз. Айтқандай, шеберлер өз білгенін өзгелерге үйретуге дайын. Тек ықылас пен ниет болса қане? «Мақсатымыз пайда табу емес. Мәдени мұрамызды насихаттап, ұлттық бояуға бай рухани дүниелерді дәріптеу. Салт-дәстүрге негізделген халқымыздың асыл жауһарларын кейінгі жастарға көрсету»

Орталыққа қазірдің өзінде 20 шақты қолөнер шебері өз бұйымдарын әкелген.