ЛГБТ-ға байланысты мультфильм Қазақстанда көрсетілмейтін болды

314
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ЛГБТ-ға байланысты мультфильм  Қазақстанда көрсетілмейтінін айтты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

«Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы жазба арқылы жеткізсем, аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
 
Айта кетейік, қазақстандықтар Диснейдің бұл туындысы бір жынысты некені насихаттайды деп санайды. Сонымен қатар белгілі азаматтар мультфильмді ел аумағында көрсетуге болмайды деген пікірлерін айтқан.

Мәселен, актер, продюсер, режиссер Нұртас Адамбай балаларымызды біржынысты некенің насихатынан сақтау үшін бұл фильмді көрсетпеу керек деп Президентке дейін үндеу жасаған еді.
Жалпы, мультфильм Базз Лайтер атты жас ғарышкердің басынан өткен хикаясын баяндайды. Оның алдын ала үзіндісінде екі қыздың сүйіскен сәті тараған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.