Қазақстандық эстрада жұлдыздары Бейжіңде өнер көрсетеді

2 552

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіҚазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, опера әншісі Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» этно-рок тобы, Абай атындағы ҚазҰОБТ хор ұжымы, «Серпер» және «Сазген сазы» ансамбльдерінің шығармашылық ұжымдары, «Астана Балет» балет труппасы Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылуына орай өтетін гала-концертке қатысады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


29 наурызда Бейжіңдегі China National Opera House сахнасында Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылу салтанаты өтеді.


Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылуы аясында 30 наурызда бейжіңдік танымал 798 арт аймағының алаңында «Наурыз Фест» өтеді.


Қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар Бейжің қонақтары мен тұрғындары үшін ауқымды мерекелік бағдарлама дайындады.


ҚХР астанасындағы ірі заманауи өнер орталығында «Сүгір» қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Яссы» би ансамблі өнер көрсетеді.


Еске сала кетсек, 2024 жыл Қытайда қазақстандық туризм жылы болып жарияланды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.