«Әлішер Науаи және қазақ әдебиеті» атты кітап шықты
574
Өзбекстанда жазушы Қалдыбек Сейдановтың екі жаңа кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқырманға «Әлішер Науаи және қазақ әдебиеті» атты еңбегімен қатар, өзбек тілінде жазылған «Қандашлар», яғни бауырлар жайлы туындысын ұсынылды.
Биыл Қалдыбек Сейданов 80 жасқа толды. Қаламгердің 23 кітабы жарық көрді. 740-тан астам мақала жазылған. Басым бөлігі қазақ тілінде жарияланған. Сондай-ақ жазушы Өзбекстандағы қазақ мектептеріне арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын шығарды.

«Көп еңбектер жаздым. Екі халықтың достығын жырладым. «Абай және Орта Азия әдебиеті», міне, соның бәрі сонда кең өріс алған. Енді биыл Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы болады. Соған қазір Мұхтар және Орталық Азия әдебиетін дайындап жатырмын. Және тәлімдік ғибратнамалар бар. Жасым 80-ге келгеннен кейін жастардың тәрбиесіне көп көңіл болемін. Оны оқыған балалар ұлы тұлға боп қалыптасады деп ойлаймын»,-деді жазушы Қалдыбек Сейданов.