«Automechanika Astana - 2024» автомобиль көрмесі ашылды
Елордада Орталық Азиядағы ең ірі — «Automechanika Astana — 2024» халықаралық автомобиль көрмесі ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, іс-шараны Business Media Central Asia Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен және Business Media Central Asia серіктестігі негізінде ұйымдастыруда. Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы АҚ биылғы наурыз айында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында Messe Frankfurt Азия аймағы бойынша өкілдігімен (Гонконг қ.) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Көрме 17-19 сәуір күндері Астанадағы ЕХРО халықаралық көрме орталығында өтеді. Халықаралық аудиторияға инновациялық өнімдер, қызметтер мен технологиялардың кең ауқымы көрсетіледі.
Automechanika Astana — 2024 көрмесіне әлемнің 20 елінен 450-ден астам экспонат қойылған. Сонымен қатар үш ұлттық павильон жұмыс істеп тұр. Көрмеге 15 000-нан аса адам келеді деп күтілуде. Көрме экспозициясының ауданы шамамен 14000 м² құрайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысты.
Қатысушы елдердің қатарында Қытай, Дания, Германия, Үндістан, Испания, Италия, Литва, Малайзия, Таиланд, Түркіменстан, Түркия, БАӘ, Польша, Ресей Федерациясы, Беларусь, АҚШ, Эстония, Оңтүстік Корея, Жапония бар.
Бұл — Орталық Азиядағы іскерлік және конгресстік туризмнің хабына айналған Қазақстанға деген жаһандық қызығушылықты көрсетеді.