Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай фильм түсіру жұмыстары ұсынылды– сенатор
643
Сенат депутаты Абдалы Нұрәлиев қазақ әдебиетінің корифейі Шерхан Мұртазаның 90 жылдығын жоғары деңгейде атап өту керек деді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы депутат Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады. Көрнекті тұлғаның мерейтойын лайықты атап өту үшін сенатор халық жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм түсіруді ұсынды.
Сонымен қатар, депутат халықаралық ғылыми-практикалық конференция, танымдық іс-шаралар өткізуді, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы көшелерге, сондай-ақ елордадағы жаңадан бой көтерген мектептердің біріне жазушының есімін беруді ұсынды.
Айта кетейік, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Жуалы ауданы Талапты ауылында тұрған үйі музейге айналады.
Бұдан бөлек өңірдегі төрт мектеп қабырғалы қаламгердің есімін еншілеген. Біртуар тұлғаның ескерткішін салу мәселесі де қаралып жатыр.

«Бүкіл ғұмырын ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына арнап, кейінгі ұрпаққа рухани бай мұра қалдырған қаламгер Шерхан Мұртаза Парламенттің төрінде елдің сөзін сұңқардай даусы саңқылдап сөйледі. Ел, жер, тіл мәселелерін өткір көтерді. Жазушы шығармашылығын кеңінен насихаттау жастардың рухани-адамгершілік дамуына оң әсер етіп, тұлға болып қалыптасуына зор септігін тигізеді», - деді А. Нұрәлиев.