Ұлттық өнерді ұлықтаған шеберлер

2 655

Фото: gov.kzАбай облысында көнеден қалған өнер түрін жоймай, жалғастырып жүрген жандар көп, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Солардың бірі қолөнерші Фарида Сүлейменова. Ол «Бір ауыл- бір өнім» жобасының жеңімпазы. Бүгінде саз балшықтан музыкалық аспаптар жасайды. Жалпы өңірде 54 мыңнан астам шағын және орта бизнес  нысаны бар. Қазір Семейде қолөнершілердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған 20-ға жуық кәсіпкер қатысуда. Өңірдегі әріптесім жалғастырады. Фарида Сүлейменқызы ұлттық қолөнермен айналысқанына 20 жылдан асқан. 5 жылдан бері саз балшықтан музыкалық аспаптар жасайды. Қолөнерші сазсырнай, құссайрауық сияқты аспаптарды көз жауын алардай етіп ерекше нақышта жасауға машықтанған. Ұлттық қолөнермен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет болуы керек, дейді ол.

  Фарида Сүлейменқызы, қолөнерші: - Шикізатты Екібастұз, Қапшағай қалаларынан алдырамын. Ресейден заказбен алдыртамын. Сапасы жақсы. Жасалып қолмен мүсінделгеннен кейін бір жұмадай ол таза кебу үшін тұруы керек. Сосын арнайы пешке салынып, күйдірілгеннен кейін бұйым дайын болады. 

Ал Нүрзия Тәшімова 2011 жылдан бері киіз басу өнерімен айналысады. Былтыр «бір ауыл-бір өнім» жобасына қатысып жеңімпаз атанған. Мемлекеттен 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы алғанын айтады. Енді сүйікті ісін кәсібіне айналдыруды көздейді.