Әнші Шахизада жолдасымен Түркияға демалуға кетті

359

Фото: видеодан скриншотЖақында ғана некесін қидырған әнші Шахизада Байбатжанова жолдасымен бірге Түркия еліне ұшып кетті. Өнер иесі әлеуметтік желіде видео және фотоларымен бөлісіп, жанкүйерлеріне демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде.

55 жастағы Шахизада Байбатжанова екінші рет тұрмысқа шыққанын сәуірдің басында жария еткен болатын. Өнер иесі мұсылман жолымен мешітте некесін қидырды. 

Отау құрған ерлі-зайыптылар бірден шетелге шығып, бірге демалып қайтуды шешкен. Олар алдымен еліміздің қаисетті мекені Түркістан қаласында болып, кейін Түркия еліне ұшып кетті. 

Шахизада демалысы кезінде түсірілген суреттерімен Instagram парақшасында белсенді түрде бөлісуде. Эстрада жұлдызы жолдасымен бірге Стамбул қаласына барып, артынан Аланияға жол тартқан.

"Аланияға да келіп жеттік. Мешітте таң намазын оқып, жолдасым екеуміз серуендеп келе жатырмыз. Бәрі тамаша. Әр атқан таңдарыңыз шуақты болсын. Оразаларыңыз қабыл болсын. Аман болыңыздар" , - деді әнші. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.