Жеңістің 80 жылдығы: Қаһарман ақын Абдолла Жұмағалиев туралы деректі фильм түсірілмек
Батыс Қазақстан облысында Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында қаһарман ақын Абдолла Жұмағалиевтің (1915-1941) 110 жылдығына орай мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылып отыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов мәлім еткендей, алдымен ақын өлеңдерін жатқа оқудан облыстық «Абдолла оқулары» өткізілді. Алдағы уақытта Абдолла оқуларының аясын кеңейту көзделуде. Сондай-ақ Сырым ауданында өтетін «Жеңісті жақындатқандар және ескерілмеген ерліктер» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ғалымдар мен тарихшы ұстаздар бас қосатын болады.