Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған түркітанушылар конгресі өтті

701

Түркістан қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған түркітанушылар конгресі өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Шараға ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымдардың өкілдері мен Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мен Ресей ғалымдары қатысты. Конгрестің ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін оқыды.

«Ұлт ұстазы атанған Ахаң түбі бір, тарихы тамырлас елдер үшін аса құнды ғылыми-танымдық мұра қалдырды. Сол себепті оны барша түркі жұрты құрмет тұтады. Әзербайжан, башқұрт, өзбек, түрік халықтарының белгілі ғалымдары бас қосқан бүгінгі конгресс соның айқын дәлелі», - делінген Президенттің құттықтау сөзінде.

Шара барысында 4 тілде жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының таңдамалы шығармаларының және филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадықтың «Серт», «Ұстаз жолы» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Конгресс соңында арнайы қарар қабылданып, Түркия мен Өзбекстан ғалымдары «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.