Батыр рухына тағзым: «Капитан Байтасов» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

2 675

Фото: ДП ВКОАстанада ерлік пен адалдықтың символына айналған полиция капитаны, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың рухына арналған «Капитан Байтасов» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті,- деп хабарлайды Opennews ақпараттық агенттігі.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген бұл туынды 2011 жылы Тараз қаласында лаңкестің қолынан қаза тапқан батырдың ерлігін арқау етеді. Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы — Дәурен Қамшыбаев. Басты рөлді Азамат Сатыбалды сомдап, батырдың ержүрек мінезі мен адамдық болмысын нанымды жеткізді. 

Көрсетілімге батырдың ұлы Әділжан Байтасов қатысып, әкесінің ерлігіне арналған фильм оның отбасына да, ел жадында да ерекше орын алатынын айтты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева туындыны «отаншылдық пен адал қызметтің айғағы» деп атап өтті. Ал Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың хатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ер жүрек сақшылардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталуы тиіс» деген сөзі енді. «Капитан Байтасов» — елге қызмет етудің, отан алдындағы антына адал болудың үлгісі.