Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов үйлену тойын жасады

471

Фото:https://www.instagram.com/djurinskaya/?hl=ruНекелерін өткен жылы қиған Жәния Джуринская мен оның жолдасы Данияр Хизметов үйлену тойын өткізді. Ерлі-зайыптылар екі адамға арналған мерекелік шара ұйымдастырған. Олар табиғат аясында романтикалық фотосессия жасап, бір-біріне махаббат пен адалдық сертін берді.


 Жас жұбайлар барша туыстары мен жақындары үшін үлкен тойды күзде өткізуді жоспарлап отыр.


Жәния Джуринская жолдасы екеуі өздері үшін үйлену тойын ұйымдастырғанын Instagram желісінде хабарлады.


 "Бүгін екеумізге ғана арналған той болды. Туыстарымыз бен жақындарымыз үшін той күзде болады", - деп жазды өнер иесі. 


"Сен менің өмірімде орын алған ең қуанышты сәтсің", - деді Жәния.


"Өмірімдегі ең бақытты күндерімнің бірі. Мен қалыңдық көлйегін киіп, саған махаббат сертін бердім. Біз бір-бірімізге сақина тақтық", - деп жазды актриса. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.