«Киіз үй» кітабы таныстырылды

2 198

Фото: vkoem.kzАлматыда киіз үйдің құрылымы, бөлшектерінің жасалу жолдары туралы жан-жақты жазылған «Киіз үй» кітабы таныстырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Туындының авторы, қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызының сөзінше, жинақта қара шаңырақтың мәдени-рухани әрі ғылыми-философиялық мәні көрсетілген. Кітап қолөнершілер мен жалпы оқырман қауымға арналған. Тұсаукесерге жиналғандарға автор қолөнер туындыларын жасауда жинаған тәжірибесімен бөлісті. Әрі киіз үйге қатысты түрлі сауалдарға жауап беріп, пікір алмасты.

Бұлбұл Кәпқызы, «Киіз үй» кітабының авторы:

Мен бұл кітапқа өзімнің барлық жасап жатқан, киіз үйдің барлық дүниесін көрсеттім. Бұл жерде не маңызды? Ең маңыздысы қазақтың бүкіл мәдениеті, бүкіл өнері осы киіз үйге сыйып тұр. Киіз үйдің ішіндегі барлық дүние – қазіргі қазақтың барлық ұлттық өнері және де қазақтың мәдениеті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.