«Шет жүрсем сағынарым»: Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды
Белгілі эстрада әншісі Нұрлан Өнербаевтың отбасында орны толмас ауыр қаза болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің анасы өмірден озды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген.
«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсын анашым», – деп жазды Өнербаев.
Нұрлан Өнербаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықтың сүйікті әншісі. Әр жылдары Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етіп, телерадио саласында жауапты басқарушылық лауазымдарды атқарған.
2008–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан.







