Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде марапатқа ие болды
Измирде өткен «Тұран» халықаралық кинофестивалінде Қазақстан екі бірдей марапатқа ие болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.
Халықаралық жарыста «Кинематографияға қосқан үлесі үшін» сыйлығы «Қазақфильмге» табыс етілсе, Дильшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» туындысы бірінші орынға лайық деп танылды. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен өткен фестивальге 77 елден 1055 өтініш келіп түскен. Бір ғана Қазақстанның өзінен 21 фильм бірнеше номинация бойынша бақ сынады. Іс-шараның мақсаты – түбі бір түркі жұртының кинематографиясын халықаралық деңгейге шығару арқылы мәдениетін паш ету, дейді ұйымдастырушылар. Ал «Сүйінбай сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі фестиваль қонақтары мен қатысушыларына ән-жырдан шашу шашты.