Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығына арналған көрме ашылды

2 562

Фото: Алматы музейіАлматы музейінде жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерліктің өшпес даңқы» атты көрме ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Экспонаттар ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайының және Алматы музейінің қорынан алынған.


Көрмеге 50-ден астам жәдігер қойылды. Сонымен қатар экспонаттар арасында өзге де майдангерлердің құнды заттары бар.


Атап айтар болсақ, жауынгерлердің фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, соғыс кезіндегі қару-жарақтар қойылған. Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және 1945 жылы Жеңіс шеруіне қатысқан, Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Андрей Георгиевич Платаевтың әскери киімдері мен медальдары да көрме экспозициясына қойылды.


Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.