Джей Лоның Алматыдағы концерті қалай өтті

2 166

 Фото: Досбол Атажан/KazinformӘлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Алматының Орталық стадионында жеке концерт берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Музыкалық кешке 20 мыңнан астам адам, оның ішінде қазақстандықтардан бөлек АҚШ, Жапония, БАӘ, Канада, Оңтүстік Корея сынды 35-тен аса елден 8 мың көрермен қатысты. Джей Ло жанкүйерлерінің алдында 2 сағаттан астам уақыт өнер көрсетті. Америкалық жұлдыздың ән шашуы мен жалынды биі жиналған адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлады.


Концерттегі қызықты сәттердің бірі — Дженнифер Лопес жас ата-аналарға сәбидің жынысын анықтауға көмектесуі болды. Жұлдыз сахна үстінен өтініш білдірген жұпқа қыз дүниеге келетінін хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.