Елордада ұлттық дәстүрімізді дәріптеушілерге «Наурыз сыйлығы» табысталатын болды

460
Елордада ұлттық құндылықтарымызды дәріптеушілерге «Наурыз сыйлығы» табыс етіледі, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 «25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен былтырдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Наурыз сыйлығы» ұлттық сыйлығы табысталады. Аталған жоба тек мәдениетті ғана емес, сонымен бірге ұлттық байлықтың барлық алуан түрлілігін білдіретін халық шеберлеріне арналған», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық сыйлық 8 номинация бойынша табыс етіледі. Бүгінде жеңімпаздардың аты-жөні белгілі.

Одан бөлек, вице-министр Наурыз мейрамы күндері еліміздің барлық аумағында көтпеген бұқаралық-мәдени іс-шараның өтетінін айтты.

 «Көпшіліктің қатысуымен түрлі деңгейдегі мәдени, спорттық ұлттық іс-шаралар, айтыстар, концерттік бағдарламалар, көрмелер, қазақ халық аспаптар фестивалдері өтеді. Сонымен қатар түрлі байқаулар, театрландырылған қойылымдар, челленждер, шерулер, кездесулер, сайыстар, ұлы тұлғалардың мерейтойларына арналған конференциялар, қолөнер көрмелері ұйымдастырылмақ. Одан бөлек, ұлттық тамақ, ұлттық ойын, күрес, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, қол күрес, аталардың, әжелердің байқауы болады», - дейді ол.