Террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болған

75

Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі терактінің алдын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


ҰҚК мәліметінше, бүгінде Қазақстанда ұлғайған лаңкестік қауіп тұрақты күйінде қалып отыр.


Елімізде жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекеттің алды алынады. Мәселен, биыл ғана дайындықтың бастапқы кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекетінің, сондай-ақ Астанадағы адам көп жиналатын орындарда қарулы шабуылдың жолы кесілді.


"Бізге келіп түскен ақпарат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге террористік қауіптердің қалыптасуы бірқатар басым факторлардың әсерінен орын алады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді", – деді ШЫҰ Аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлімдеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.