«Қазақконцертте» «Astana sazy» ансамблінің жеке концерті өтті

2 516

Фото: ©️ Мәдениет және ақпарат министрлігіРоза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік фольклорлық «Astana sazy» ансамблінің «Аспаптар шеруі» атты жеке концерті өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform  ақпараттық сайтынан сілтеме жасап.

Ұжым көрерменге қазақ музыкасының бай мұрасын ұсынған. Байырғы дәстүрлі әуендер заманауи музыкамен үндесіп, фольк, этно-джаз, этно-панк және өзге де заманауи бағыттарда орындаған. 

Кеште күйлер шертіліп, халық әндері шырқалып, мың бұралған бишілер мазмұнды заманауи қойылымдар қойған. «Astana sazy» ансамблі тыңдарманды домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және өзге де дәстүрлі аспаптардың үнімен таныстырып, қазақ өнерін көпшілікке насихаттап келеді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.