Түркияның Денизли қаласында Қазақстан Құрметті консулдығы ашылды

407
Түркияның Денизли қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанның Құрметті консулы бизнесмен, Қазақстандағы тоқыма өнімдері дүкендері желісінің негізін қалаушы Окан Оғыз болып тағайындалды», – деді А. Смадияров.

Құрметті консулдықтың ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне серпін береді. Іс-шара аясында Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Денизли және Афьон қалаларының жоғары оқу орындарында оқитын 250-ге жуық қазақстандық студенттермен кездесіп, олардың оқу барысымен және тұру жағдайларымен танысты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.