Қазақстанның айтулы оқиғаларына арналған алғашқы комикс-басылымның тұсаукесері өтті

449
Алматыда Қазақстан тарихының айтулы оқиғаларын баяндайтын алғашқы комикс-басылымның тұсаукесері өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан тарихын оқырмандар үшін үйреншікті емес комикс форматында қайта басып шығарудың бастамашысы «BAURZHAN foundation» қайырымдылық қоры.

Жаңа басылымның бірегейлігі-2021 жылы Қазақстанда өткен «Тарихым-бүгінім, ертеңім» атты суретші-иллюстраторлар арасындағы байқау жеңімпаздарының заманауи туындыларына негізделген. Кітаптың орыс және қазақ тілдеріндегі лимиттелген басылымы еліміздің барлық мектептері мен кітапханаларында қолжетімді болады.

Қазақстан тарихы туралы кітаптың жаңа форматына барлығы 70 үздік иллюстрация енгізілді, ол жерде оқырманға ел үшін маңызды мәдени, спорттық және саяси оқиғалар туралы баяндалады.

Осылайша, жаңа комикстің кейіпкерлері ұлттық валюта, Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы жетістігі, әлемдік аренада танылған отандық әртістер мен спортшылар. Олардың ішінде Геннадий Головкин, Димаш Құдайберген бар.

«Комикстер маңызды тақырыптарда сөйлей алады және оның дәлелі Қазақстан тарихының жаңа иллюстрацияланған форматта оқырманға жол тартуы. Бұл жанрдың жас буын арасында үлкен аудиториясы бар және жыл сайын олардың қатары артып келеді. Жобаның мақсаты тек ағартушылық қызмет қана емес, бірінші кезекте -қазақстандық жас суретші-иллюстраторларды қолдап, олардың шығармашылығын жеткізу», - деді қордың жобалар үйлестірушiсi Саида Ибрагимова.

Кітаптың барлық 5 мың данасы Қазақстанның кітапханаларына, балалар үйлеріне, жалпы білім беретін мектептеріне тегін таратылады.