Түрікменстанда Қазақстанның мәдениет күндері басталды

2 265

Фото: Сыртқы істер министрлігіТүрікменстан астанасы Ашхабад қаласында Қазақстанның мәдениет күндері басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Жерлес өнерпаздар төрт күн бойы төл өнерімізді дүйім жұртқа таныстырады. Ашһабад тұрғындары мен қонақтарына отандық кино әлемінің үздік туындылары мен салт-дәстүрлеріміз көрсетіледі. Мәдени іс-шаралар легін Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт ұжымы бастап берді. Осы ұйымға қарасты Saz&Soul тобы "Шекарасыз әуендер" атты ауқымды концерт ұсынды. 

Кеш барысында сонымен қатар "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Ардақ Елеусіз, Дидар Абдухалық сынды сахна саңлақтары ән шырқады. "Шекарасыз әуендер" атты кеш - еліміздің бай музыкалық мұрасын паш етіп қана қоймай, бейбітшілік пен келісімді ту еткен көрші халықтардың байланысын бекемдей түсті.  




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.