Ашық образдағы Алтынай Жолдыбаева ерлер қауымын өзіне қаратты

552

Фото: https://www.instagram.com/altynaizholdybayevanew/Отандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жолдыбаева желіде кезекті ашық образдағы суретімен бөлісіп, ел арасында қызу талқыланды. Желі қолданушыларының бір бөлігі актрисаның бұл әрекетін сынға алып жатса, енді бірі оның мінсіз мүсініне тамсанған.


Алтынай Жолдыбаева бар дене сымбатын Instаgram парақшасында паш еткен. Фотода өнер иесінің ашық образда айнаның алдында отырғанын көруге болады. 


Әнші бұл сурет арқылы қалың көпшілікке барынша өзінің мінсіз мүсінін көрсетпек болған. 
Алайда, желі қолданушыларының Жолдыбаеваға қатысты пікрлері екі түрлі болды. Бірі арудың талдырмаш мүсінінен көз аламай қалса, енді бір бөлігі оның киіну үлгісін сынап тастаған. Олар тым ашық киіну қазақ қызына сай емес қылық екенін айтты.


"Қалай азамыз? Мынадай фигураға қалай қол жеткіземіз?", "Ғашық болдым. Мінсіз арусыз ғой", "Фигураңыз от", "Мұндай дененің артында қаншама еңбек жатыр десеңізші", "Ғашық болып қалдым. Суретіңнен көз аламай отырмын", "Қазақ қыздарына тән емес", "Тым ашық әрі ерсі көрінеді екен", "Барған сайын матасы азайып бара жатыр", "Кеудеңді көрсетіп жалықпадың ба",- деп жазуда көпшілік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.