Мөлдір Әуелбекова: Балаларыма ең жақсы әке, маған ең қамқор жар нәсіп етті

444
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова бүгін 35 жасқа толып жатыр. Өнер иесі туған күнінде жаратушыға жазба арнап, оған деген алғысын білдірді.

Мөлдір Әуелбекова өзінің төл мерекесінде ағынан жарылып, бүгінгі өмір сүріп жатқан күні үшін жаратушыға алғыс айтты. Әнші Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, өз жан сырын ақтарған. "Қош келдің жаңа жасым! Альхамдулиллах! Саған сансыз шүкір етемін Аллахым! Жүрегіме иман беріп, сәждеге маңдайымды тигізіп, жаулығымды тәжі еттің! Ата-анамды армансыз қажы еттің! Балаларыма ең жақсы әке нәсіп етіп, маған ең қамқор Қуанышымды өмірлік серік еттің. Көз қуанышым - ұл мен қыз бердің! Төрт құбыламды түгелдейтін бауырларым - әпке мен іні бердің! Ортамды толтырар ағайын - туыс, жол сілтейтін ұстаздар мен қуанышыма ортақтасар құрбы, құрдас, қолдаушы әріптес бердің. Мені алақанына салып еркелетіп жүрген жандары жайсаң халқымды сый еттің. Тәуелсіз елім бар, кең байтақ жерім бар! Нығметің мен ризығыңа сансыз шүкір", - деп жазды өнер иесі.