Ақтөбеде ерекше баланың сурет көрмесі өтіп жатыр

2 054

Фото: Жанна ӘлжановаТуа бітті сал ауруына шалдыққан Искандер Сағынайдың туындылары Өнер музейіндегі көрмеге қойылды,- деп хабарлайды "Opennews" ақпарат агенттігі.

 Мұнда бозбаланың 30-ға жуық жұмысы бар. Өнер музейіндегі «Үнсіз дауыс» көрмесі – 17 жастағы Искандер Сағынайдың алғашқы қадамы. Мұнда ол қазақтың кең даласы мен қала өмірін шебер бейнелеген туындыларын іріктеп әкелді.

Әлеммен үнсіз тілдескен ол 12 жасында 3 ай сурет мектебінен дәріс алса, кейін үйінде отырып шеберлігін шыңдады. Себебі Искандер Сағынайдың есту қабілеті нашар. Ата-анасы дер кезінде бағыттап, тіпті үй ішінен арнайы бөлмесін жасақтап берген. 

"Балам осыдан 5-6 жыл бұрын сурет сала бастады. Біз әкесі екеуміз қолдап, қамқорлық танытып отырамыз. Сөйтіп жеке шығармашылық көрмесі өтті. Бұл күнге ұзақ дайындалдық. Әр суреттің артында үлкен еңбек, кіршіксіз сезім, шексіз қиялдау жатыр. Әрбір туынды оның ішкі сырын білдіреді. Балам болашақта кім боларын өзі шешеді. Бірақ қазір ол тігінші мамандығын оқып жүр. Алдағы уақытта жақсы дизайнер болуы мүмкін.", - деді анасы Жанна Әлжанова. 





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.