Сая Оразғалиева алғаш рет жолдасы туралы айтып берді
Осыдан бірер күн бұрын ғана тұрмысқа шыққан Сая Оразғалиева алғаш рет жолдасымен қалай танысқаны мен екеуінің арасындағы махаббат хикаясын айтып берді. Актриса өзінің қазіргі некесін бірінші жанұясымен салыстырып өтті.
Сая Оразғалиева мен оның күйеуі әлеуметтік желіде танысқан болып шықты. Өнер иесі өзінің Instagram парақшасына келіп түскен хаттар арасынан бір адамның жазған хабарламасына тап болған. Желі қолданушысы оған ұзақ хабарлама жазып, онда актрисаның қатысқан жобасы туралы айтқан.
"Мені мақтағандай болып, артынан "бәлкім, мен де Инстаграмға сеніп алданып қалған болармын" деп жазатыны бар емес пе?! Осы сөздері маған ауырлау тиіп, оған жауап жазғым келіп кетті. Мен оған өз эрудициямды барынша көрсетіп, жауап бердім. Солай біздің таныстығымыз басталып кетті", - деп есіне алды актриса.
Оның сөзінше, сүйіктісі екеуі желіде ұзақ сөйлесіп жүріп, кейіннен көріскен. Ілияс Иминов Саямен телефон нөмірін алмасып, кездесіп қайтуға ұсыныс жасаған. Ол өнер иесіне өзінің маньяк емес екенін айтқан.
"Бірінші кездесуден кейін "керемет, жақсы, енді көріспейміз" деген ой болды. Ол мені қызықтырып, өзінің ең асыл қасиеттерін көрсетуге тырысты. Сол кезде ол мен үшін тым мінсіз болып көрінді. Кейіннен тағы одан бетер көп араласып, біз бір-бірімізді жақсы тани бастадық. Екеуміз үй алдында таңғы төртке дейін әңгімелесіп отыратынбыз. Қазір екеуміз заңды түрде ерлі-зайыптымыз", - деді Оразғалиева.
Екінші рет тұрмысқа шыққан актриса өзінің екі некесін өзара салыстырып та өтті.
"Тіпті салыстыруға да келмейді. Себебі, 20 жастағы мен және қазіргі мен мүлдем екі түрлі адам. Ол кезде мен жас әрі ақымақ болды. Өзімнің түсініксіз қағидаларым болды. Мұндай неке не берер еді? Әрине, бұл аса қиын қарым-қатынас болды. Қазір бәрі басқаша, мен өзгердім. Менің бойымда мықты әйел энергетикасы бар. Ол өз кезегінде менің ер азаматыма да беріледі. Біз ұрыспаймыз, біз әр т.сініспеушілікті бірге талқылаймыз", - деді Сая.