«Boztorgai» ХХV халықаралық байқауында жас өнерпаздар жүлдемен оралды

1 696

Маңғыстаулық өнерпаздар ХХV халықаралық «Boztorgai» байқауынан жүлделі оралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Байқауда Адила Кимолдаш 1-орын, «Аяла» тобындағы Адриана Керимова мен Назерке Қабыл 2-орын, Бекболат Жұмабай және Амира Байдовлет 3-орын иеленді. Ал Аманжол Сымбат пен Лиза Колмыченко дипломант атанды.


Өнерпаздарды байқауға ұстаздары Ақмарал Арғынқызы, Лаура Жұмахан, Карашаш Избаева, Александра Ким дайындаған.

«Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов байқауда жеңіске жеткен үлгілі ұжым «Радуга» балалар шығармашылық орталығының өнерпаздарын марапаттады. Ел абыройын асқақтатуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді», – делінген баспасөз мәліметінде.


«Радуга» балалар шығармашылық орталығының басшысы Ольга Хныкина халықаралық байқау туралы айтып, шәкірттерінің жетістіктерімен бөлісті.


Халықаралық байқау 1-5 маусым аралығында Алматы қаласында өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.